"Күреңбел қазақ орта мектебінде" жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы "Күреңбел қазақ орта мектебі" КММ
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Күреңбел қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 79-1-56
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Күреңбел қазақ орта мектебінде" жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі
11
март
2020

"Күреңбел қазақ орта мектебінде" жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі

«Бала денсаулығы-басты міндет» 

Қазіргі заманғы мектеп оқушыларының өсуіндегі жоғары жылдамдық пен ақыл-ой жүктемесінің күн санап артуы, әсіресе белок, витаминдер мен микроэлементтер сияқты тағамдық қоректердің жеткілікті мөлшерінің тамақ арқылы тұрақты түсіп отыруын талап етеді.  Мектеп оқушыларының құнарлы тамақтануы - мектеп бағдарламаларын жақсы меңгеру сапасын анықтайтын, толыққанды дене бітімі мен ақыл-ой дамуына қажетті жағдай жасайтын және өскелең ұрпақтың денсаулығының негізін қалайтын білім беру үрдісінің міндетті элементі болып табылады.

Осыған байланысты Күреңбел қазақ орта мектебінде  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2008 жылғы 13 тамыздағы № 98 бұйрықпен бекітілген “Мектеп асханаларында оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру” туралы әдістемелік нұсқаулықты пайдалана отырып, оқушыларды ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі - оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастырады, асхананы жалға алушы -  мектептегі сапалы және қауіпсіз ыстық тамақтануды қамтамасыз етеді.

Мектеп әкімшілігі оқушылардың тамақтану кестесін құрып, асханада кезекшілік орнатып, мектеп оқушыларының тамақтануын есепке алып отыратын жауапты адамды тағайындайды. 

Мүмкіндіктері шектеулі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, АӘК алатын отбасы балалары, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Осы санаттағы оқушылардың тізімдері оқу жылының басында анықталып, жыл бойы үздіксіз қадағалауға алынады. «Күреңбел қазақ орта мектебінде» жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен – 75 оқушы, асхананы жалға алушы есебінен -5 оқушы мектепте ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілген.

Мектеп асханаларында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастырудың тәртібі: 

Ыстық тамақты ұйымдастыруда әрбір  тамақтану кезеңінде ыстық тамақты, бірінші қосымша таңғы аста және екінші тағаммен сусындар, түскі аста қолданылады. 

Ыстық сусын ретінде жылы сүт, витаминделген кисель, жас және кепкен жемістер компоты, сүтпен какао сусындары беріледі. Салқын сусындар ретінде шырындар, ашыған сүт (айран) өнімдері, витаминделген дайын қораптағы (өндіріс жағдайында жасалған) сусындар қолданылады.

Тәуліктік рационда картоптан  бөлек әртүрлі көкөніс, жеміс-жидектер, аскөктер 400 грамм құрап, сүт және сұйық ашыған сүт өнімдері күнделікті 300 мл-ге жуық мөлшерде болуы қажет. Апта бойына бала әртүрлі  жарма түрлері мен  ет, балық, жұмыртқаның қажетті мөлшерін қабылдауы тиіс.

Бастауыш сыныптағы балаларға мектептегі энергия шығындарын өтеу үшін тағамдық калорияның қажеттілігі 400-420 ккал құрайды. Оқушылардың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыру үшін, құрамына ет, балық, сүт өнімдері, жас көкөніс пен жемістер көбірек қосылған ас мәзірлерін мүмкіндігінше алуан түрлі ету арқылы мектептегі тамақ рационының тағамдық тығыздығын  жоғарылатуға болады. 

Қазіргі таңда мектеп асханасын кәсіпкер А. Елкенова жалға алып жұмыс атқаруда. Мектеп әкімшілігі тарапынан,  аудандық қоғамдық денсаулық сақтау  мекемесінің мамандары,  жергілікті атқару органдары тарапынан  қажетті тексерулер жүргізіліп тұрады. 

Болашағымыз - балалардың саулығын ойлап, мектепте ыстық тамақпен қамту сол арқылы жеткіншектердің алаңсыз білім алып, жақсы өсіп-жетілуіне жағдай жасау – мемлекеттік маңызы бар мәселе. Оған мемлекет те, қоғам да, ата-ана да өз деңгейінде көңіл бөлуі тиіс. Қалай десекте, балалардың өсіп жетілуі, құнарлы, дәрумендерге бай тамақпен қамтылуы мектепте баланы қадағалап отырған ұстазға, асхана иесіне, отбасында ата-анаға байланысты. Осылайша баланы үшжақты қамқорлыққа алып, шын мейіріммен қарап, баптап-күткенде ғана болашағы жарқын ұрпақты қалыптастыра аларымыз анық.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив