Қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстары және ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
Қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстары және ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының негізінде “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңы 44- бабының 9 тармағына сәйкес және Кербұлақ аудандық білім бөлімінің 13.10.2017 жылғы № 332 бұйрығы негізінде Күреңбел қазақ орта мектебінде № 335 05.09.2019 жылдың бұйрығына сәйкес Қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына мектептің ата-аналарынан 9 ата–ана кірді.
Кеңестің төрағасы болып, Рахымжанов Серік Акимбекович - мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы сайланды.
1. Рахымжанов Серік -қамқоршылық кенесінің төрағасы , жеке кәсіпкер.
2. Сабанчиева Алия - қамқоршылық кенесінің мүшесі, Жұмыспен қамту орталығының әдіскері.
3.Атайбекова Сауле - қамқоршылық кенесінің мүшесі, декреттік демалыста;
4. Артықбаева Айжан – қамқоршылық кенесінің мүшесі, есепшіі ;
5. Мұқанжанова Гаухар - қамқоршылық кенесінің мүшесі, үй шаруасында;
6.Нукубаев Ербол - қамқоршылық кенесінің мүшесі,жеке кәсіпкер;
7.Қонақбаев Бақыт- қамқоршылық кенесінің мүшесі, жеке кәсіпкер.
8. Скабаева Жанар - қамқоршылық кенесінің мүшесі, жеке кәсіпкер.
9.Алишеров Алпыс - қамқоршылық кенесінің мүшесі, статистика басқармасының басшысы.
Қамқоршылық кеңесінің мақсаты: Оқушылардың тәрбие және білім алу сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие үрдісін ынталандыру, бюджеттен тыс тартылған қаржыны мақсат бойынша жұмсау, мектептің материалдық – техникалық базасын, аумағы мен ғимаратын абаттандыруды жетілдіруге жәрдемдесу, заңды көмек көрсету.
Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына 1 рет немесе қажеттілікке сәйкес өткізіліп тұрады. Егер шұғыл мәселелер туындаса, Кеңес жоспардан тыс отырыс жасайды. Өткізілген іс-шаралар хаттамада тіркеліп отырады. Мектеп әкімшілігі әрдайым қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады.
«Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы барысында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 35 оқушыға көмек көрсетілді. Акция барысында бюджеттен тыс 474 146 теңге жиналды. Ол қаражат жағдайы төмен отбасы оқушыларына мектеп формасына және оқушыға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
2019-2020 оқу жылының басында мектебімізде жалпы бала саны - 771, мектеп алды даярлық тобында 51 оқушы. Көп балалы отбасылар 83, бала саны 228, оның ішінде (ұлы 109, қызы 119), 1 оқушы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған: 11 сынып оқушысы Оспанов Еділ, аз қамтылған отбасынан 12 отбасы, бала саны 15 , ұл-11, қыз - 4, толық емес отбасы 42, бала саны 51 оқушы, 17 ұл, 34 қыз, тізімі алынып ауылдық округ әкімімен келісіліп, бекітілді.
Мектебіміздегі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама туралы қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен мектеп басшысы таныстырып, оқушының құзыреттілігін арттыру үшін білім сапасын күшейтуіміз керек екендігі туралы кезекті қамқоршылық кенесінің отырысында баяндама оқып, түсіндірді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері жаңартылған білім мазмұнына көшу туралы бағдарламаны қолдады.
Күреңбел қазақ орта мектебінің мектепішілік «Қамқоршылық» кеңестің төрағасы С.Рахымжановтың бастамасымен Болашағымыз - балалардың саулығын ойлап, мектепте ыстық тамақпен қамту сол арқылы жеткіншектердің алаңсыз білім алып, жақсы өсіп-жетілуіне жағдай жасау – мемлекеттік маңызы бар мәселе. Оған мемлекет те, қоғам да, ата-ана да өз деңгейінде көңіл бөлуі тиіс.
Мектеп оқушыларының мектеп формасы мен дене шынықтыру пәнінен спорттық киімдері талапқа сай ма, сабаққа қатысуын, тәртібін бақылау мақсатында "Қамқоршылық" Кеңес төрағасы С.Рахымжанов және мүшелері "Ашық есік күні" ұйымдастырылды (2 күн 14-15.10.2019). Мектептің материалдық базасымен танысып, оқу кабинеттері спорт жаттығу, шеберхана мен зертханалар, робототехника, кітапхана, мектеп асханасы талапқа сай ма, асханадағы жалпы білім беру қорынан тамақтанатын балаларға ыстық тамақтың құрамын дайындау жолдары, тазалығы санитарлық жағдайы, іс қағаздарының жүргізілуі (меню) оқушылардың денсаулығын нығайту мен қамтамасыз етілуіне, сапасына назар аударылды.
Мектеп асханасынан тамақтандырылатын балалардың тізімі жасалып, әлеуметтік-педагог Л. Бүркітбаева тиісті құжаттарды жинастырған. Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау мекемесі мен білім бөлімі тарапынан бекітілген ас мәзірі бар. Сол бойынша балаларды дәрумендерге бай тағамдармен тамақтандыра ма? Осы уақытқа дейін ешбір ереже бұзушылық болған ба, балаларды бекітілген норма бойынша тамақтандыруға, мейлінше нәрлі, дәмді, құнарлы, сапалы берілетініне көз жеткізілді.
2020 жылға Жалпыға бірдей білім беру қорының қаржысы - 5 730 000 мың теңге. 75 оқушыға жалпы тегін ыстық тамақпен қамтуға - 4200 000 теңге, 30 оқушыға – 1050 000 теңге көлемінде жазғы сауықтыру, 18 оқушыға киімге – 360 000 теңге, 6- оқушыға шырша мерекесіне - 120 000 теңге көлемінде қаржы жұмсау жоспарланып, әлеуметтік жағдайы бойынша қорғалмаған, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларды тіркеуге алынды.
Жалпыға бірдей оқумен қамту қоры қаражатын, оқушыларға ыстық және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырудың сапасын тексеру мақсатында мектеп әкімшілігінің мүшелерінен құрылған комиссия тізімі төмендегідей бекітілді:
К.Қыстаубаева – мектеп директоры, комиссия төрайымы
Комиссия мүшелері:
Касенова Мира Жұмаханқызы
Калыбеков Нуркен Кайыпбаевич - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Буембаева Баян Әбенқызы – ұстаз - ұйымдастырушы
Буркитбаева Лязат Жумахановна - әлеуметтік педагог
Маукенова Гульмира Каниякпаровна - мектепішілік кәсіподақ ұйымын төрайымы
Баяхмет Альфия - мектеп медбикесі
Джексембаева Маржан Жангазықызы - мектеп психологы
“Жалпыға бірдей білім беру қоры қаражаты” есебінен тамақтанатын жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасындағы оқушылар бекітілді;
Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен қажетті мектеп формасымен қамтылатын оқушыларға сұраныс бекітілді;
Күреңбел қазақ орта мектебі бойынша сауықтыру лагеріне 1-2-3 ауысым бойынша демалатын оқушыларға сұраныс берілді.
Жаңа жылдық шыршасына қатысатын оқушыларға сұраныс бекітілді;
Мектеп асханасын кәсіпкер А. Елкенова жалға алып жұмыс істеуде. Мектепішілік әкімшілігі тарапынан, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау мекемесінің мамандары, жергілікті атқару органдары қажетті тексерулер жүргізіліп тұрады.
Қалай десекте, балалардың өсіп жетілуі, құнарлы, дәрумендерге бай тамақпен қамтылуы мектепте баланы қадағалап отырған ұстазға, асхана иесіне, отбасында ата-анаға байланысты. Осылайша баланы үшжақты қамқорлыққа алып, шын мейіріммен қарап, баптап-күткенде ғана болашағы жарқын ұрпақты қалыптастыра аларымыз анық.

