Мектеп тарихы

Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
«Аудандық білім бөлімі» ММ-нің
«Күреңбел қазақ орта мектебі» КММ
«Күреңбел қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015-2016 жылдары құрылыс жүргізіліп, 2016 жылдың қараша айында қолданысқа берілді. Нысанның құрылыс жұмыстары мен құрал-жабдықтарына барлығы – 1 476,1 млн. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан – 1 330,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 146,1 млн. теңге бөлінген. Білім ошағы 2016 жылы қараша айында қолданысқа берілді. Нысанның есепті сыйымдылығы – 900 орындық; жалпы көлемі – 9859,4 ш/м; пайдалы көлемі - 8639,1 ш/м; тапсырыс беруші - «Кербұлақ ауданының құрылыс бөлімі» ММ, бас мердігер – «Артемида ЛТД» ЖШС.
Жалпы мектепте 43 оқу кабинеті бар. Оның ішінде бастауыш сыныптарға арналған кабинеттер саны – 14, химия – 1 , физика – 1, биология – 1, ЛМК – 6, информатика кабинеті – 2, математика – 4, қазақ тілі - 2, ағылшын тілі - 3, орыс тілі – 1, тарих – 2, география - 1, алғашқы әскери дайындық – 1, өзін-өзі тану - 1, технология – 1, шеберхана – 1, робототехника – 1.
Үлкен кітапхана бар, онда 18 орындық оқу залы 13 комьпютермен жабдықталған. 225 адамға арналған мәжіліс залы бар. Бірінші қабатта 150 адамға арналған мектеп асханасы, 2 спорт зал орналасқан. Мектептің сыртында 2752 м.кв. жасанды газонмен жабдықталған стадион және волейбол мен баскетбол алаңдары орналасқан.
Мектеп басшысы - Кыстаубаева Камшат Болатканкызы. 2 мамыр 1976 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданында дүниеге келген. 1983 жылы 1-ші сыныпқа Қаспан орта мектебіне қабылданып, 1992 жылы «Күміс медалімен» аяқтады. Білімі – жоғары:
- 1997 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық Университетінің психология және педагогика мамандығы бойынша;
- 2002 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының физика және информатика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады;
- 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы:
1995-1997жж – Ескелді ауданы Г.Титов атындағы орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі /орыс сыныптарда/;
1999-2007жж – Кербұлақ ауданы Қаспан орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі;
2007-2008жж – аудандық білім бөлімінде математика, физика және информатика пәндерінің әдіскері;
2008-2016жж - Сарыөзек орта мектебі МДШО-да мектеп директоры қызметін атқарды;
2016 жылдың 13 шілдесінен бастап Күреңбел қазақ орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
2018 жылдың 28 қазан айынан Кыстаубаева Камшат Болатқанқызы Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаты.
Қыстаубаева Камшат Болатқанқызы өзін білікті басшы әрі мықты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Өз қызметін аса жауапкершілікпен атқаратын білікті мамандардың бірі. Еңбек ете жүріп, аудан өміріне, қоғамдық жұмыстарға ерекше ықыласпен араласып, туған ауданның биіктен көрінуіне үлес қосуда. Жаңа ашылған мектеп ғимаратына әр білім ордасынан жиналған педагогтарды бар ынта-жігерімен жұмылдыра жұмыс жасатып отыр. Сонымен қатар жеке басының мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы жастарға үлгі боларлықтай биіктерден көрінеді.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар орта мектептің де қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Бұл реформалардың жоғары дәрежеде орындалуы ең алдымен басшының басқарушылық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Камшат Болатқанқызы мұғалімдердің кәсіби өсуіне, шығармашылық жұмыс жасауына жағдай жасап, талап етіп отырады. Жас мамандарға әдістемелік көрсетуде үнемі қолдап отырады, сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға дағдыландырады. Әрдайым ізденіс үстінде, әдістемелік құралдарды үзбей оқып, сабақтарын жаңа заман талабына сай өткізеді.
2002 жылы «НұрОтан» партиясының қатарына өтіп, барлық бастамаларда белсенділік танытып келеді. Партияның мақсаттары мен міндеттерін өзінің кәсіби және қоғамдық істерінде белсенді және жүйелі ұстанып іске асыра отырып, партияның беделін көтеру үшін аянбай еңбек етеді.
Өзінің педагогикалық қызметінде төмендегідей марапаттауларға ие болды:
- 2019ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаты;
- 2017ж. – Аудан әкімінің Құрмет грамотасы;
- 2018ж. – «Үздік директор - 2018» медалі және дәрежелі диплом, Астана қаласының 20 жылдығына орай «BILIM-ORKENIETY» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы.
- 2018 ж. – «Be Clever» Халықаралық даыту орталығы, Грамота;
- 2017ж - «Өрлеу» Білім ғылым технология порталының Құрмет грамотасы және «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
- 2017ж. – «Үздік ұстаз - 2017» республикалық байқауында І орын, ҚР «Білімді ұрпақ орталығы»;
- 2016ж. – «Үздік тәлімгер» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, Алматы қаласы;
- 2016ж. – Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы;
- 2016ж - «Жылдың үздік мұғалімі» медалі;
- 2015ж. - Облыстық «Үздік мектеп директоры» байқауында белсенді қатысқан үшін сертификат, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ;
- 2015ж – «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» атты ІІ Республикалық оқытушылар сайысында ІІІ орын;
- 2015.ж. – Алғыс хат, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы;
- 2014ж. - «Алғыс хат» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО Алматы қ-сы;
- 2014ж – І Халықаралық «Педагогикалық ізденіс» номинациясы бойынша ІІ орын;
- 2014ж – «Менің инновациялық сабағым» атты ІІІ Халықаралық оқытушылар сайысында І орын;
- 2014ж – «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар конкурсында «Педагогикалық кеңес» номинациясында І орын;
- 2014ж - «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар конкурсында «Презентациялар және олардың білім беру процесіндегі рөлі» бағыты бойынша ІІІ орын.
- 2014ж - Білім және инновациялық технологиялар орталығы «Мақтау қағазы».
Елбасының үштұғырлылығына өту саясатын жүзеге асыруда мектепте елеулі жұмыстардың атқарылуына ерекше көңіл бөледі. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруда балаларды тек демалтып қоймай, ағылшын тілін меңгерулеріне толық жағдай жасалды. Жазғы сауықтыруда ағылшын тілі пәнінің мұғалмдері ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын арттырып, қызығушылықтарын оятты.
Сонымен қатар, үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағылшын тілі пән бірлестігінің мұғалімдері мектеп ұжымымен аптасына екі рет курс өткізуді ұйымдастырды.
Жыл сайын өтетін республикалық «Баланы мектепке даярлайық» және «Мектепке жол» акциясын жоғары деңгейде ұйымдастыра біледі. Қоғамдық ұйымдармен, жеке кәсіпкерлер және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатудың нәтижесінде мектептегі жетім, жартылай жетім, толық емес, аз қамтылған отбасылардың қажеттілігін қанағаттандыруға септігін тигізуде. Акция барысында Камшат Болатқанқызы өзі де қайырымдылықтан қайыс қалмай, әлеуметтік жағынан қорғалмаған оқушыларға үнемі жылына екі рет өз есебінен, екі оқушыға көмек көрсетіп отырады.
К.Қыстаубаева өзі информатика пәнінің мұғалімі болғандықтан, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы, 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын да назардан тыс қалдырмады.
Қазіргі таңда бүкіл дүниежүзінде роботехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Бүгінгі мектеп оқушыларын робототехникаға оқыту – ХХІ ғасырдың жаңа техника мен технологиялық жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Білім берудің мақсаты-инновациялық есептеулердің жас жеткіншектер үшін тиімділігін, оқушылардың инженерлік, шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденуге бағыт беріп, жұмыс жасауға белсенділігін арттырып, робототехника құралдарын дұрыс қолдануы мен техникалық сауаттылығын арттыру. Осы игі іс өзі басқарып отырған Күреңбел қазақ орта мектебінде өз жұмысын бастады.
Мектебімізден осы күнге дейін барлығы 105 түлек шығарып,оның ішінде 10 оқушы «Алтын белгі», 11 оқушы «Үздік аттестат» игерлері атанды.
Қазіргі кезде мектепте 1-11 сынып оқушылары арасында – 784 оқушы, МАД - 53 бүлдіршінмен 42 сынып жиынтығы бекітілді.