Күреңбел қазақ орта мектебі бойынша 2020 жылғы қаңтар айының 16-26 күндері аралығында Халықаралық интернетсіз күніне арналған “Мен OFFLINE (Оффлайн)» републикалық акциясы туралы » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы "Күреңбел қазақ орта мектебі" КММ
Жетісу облысы
Кербұлақ ауданы білім бөлімінің
"Күреңбел қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 79-1-56
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күреңбел қазақ орта мектебі бойынша 2020 жылғы қаңтар айының 16-26 күндері аралығында Халықаралық интернетсіз күніне арналған “Мен OFFLINE (Оффлайн)» републикалық акциясы туралы
13
март
2020

Күреңбел қазақ орта мектебі бойынша 2020 жылғы қаңтар айының 16-26 күндері аралығында Халықаралық интернетсіз күніне арналған “Мен OFFLINE (Оффлайн)» републикалық акциясы туралы

     Қаңтар айының  16-26   күндері аралығында мектепішілік Халықаралық интернетсіз күніне арналған “Мен OFFLINE (Оффлайн)» республикалық акциясы барысында интернетке тәуелділіктің  алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді – пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет- пайдалану мәдениетін қалыптастыру  мақсатында өткізілді. 

17 қаңтар күні  10 «Ә» сынып оқушыларымен  Г. Макашева мен  9 «Ә» сынып оқушыларымен Г. Сегизбаева  «Ардагерді ардақтайық!» жобасы аясында зейнеткер-ұстаз Аталыков Кеңес Сағынайұлының үйіне барып, ауласын қардан тазартты. Кеңес Сағынайұлы оқушыларға өзінің еңбек жолы мен ұстаздықдықпен өрілген өмірінің қызықты сәттерінен әңгіме айтып, алғысын білдірді.


Қорытынды: Халқымызда «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген мақалдың мағынасына сай қызмет көрсеткендерін әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім- қайырымдылыққа тәрбиелеуді ата-аналарынан үйренгенін айтты. Осындай іс - шараларға тарту оқушыларымызды жауапкершілікпен қарап, алда да көмек қолын созуға дайын екенін білдірді.   5 «Б» сынып жетекшісі Б. Әтіретхан, 6 «А», «Ә» сынып жетекшілері М. Молдақапас пен З. Жебегеновалар аудандық кітапханаға «Интернет-бір күндік, кітап мәңгілік» тақырыбында бір күндік танымдық сабаққа барып қайтты.   Оқушылардың  кітапқа деген  құрметін, сүйіспеншілігін арттыру, дамыту. Білімнің кітап  арқылы берілетіндігін, кітапты күтіп ұстауды, рухани азық екенін   ұғындыру мақсатында  өтті.     


  «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында суреттер байқауы өтті. Нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімдері (оқушылар шығармашылығы ) сурет көрмесін ұтымды ұйымдастыра білді. 

5 «В» сынып жетекшісі Т. Оразымбетова оқушыларды ауылдың тарихи орындарының бірі  темір жол бекетіне барып қайтты. Мақсаты: оқушыларға темір жол бекеті туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу тілдерін, ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру арқылы оқушыларды мәдениеттілікке, сыпайылыққа, жол ережесіне темір жолдан өтуден сақ болуға, мейірімді болуға, адами қасиеттерін сақтауға әдепті де , тәртіпті тұлға болып қалыптасуына ой қозғау болды.  11 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Р. Байжан  Мен OFFLINE (Оффлайн)»  атты эссе

байқау өтті.

    Табиғат аясында көңілді, әрі қызықты серуенді  бастауыш сынып оқушылары да белсенділіктерін танытты.


Атап айтсақ: 2 «Б» сынып жетекшісі   Г. Озбекова, 3 «Ә» сынып жетекшісі Г. Құанбаева, 4 «А» сынып жетекшісі Сыдыкова А, 3 «Б» Рахимбаева А, 2 «Ә» сынып жетекшісі Л. Жазықбаева, 1 сынып жетекшісі А. Жұмабаева,    3 «В» сынып жетекшісі Ә. Жанғазанова «Таза ауадағы таза тыныс» атты серуен жаттығулар мен қозғалысты қызық ойындарын ойнаса, 7 «А», «Б»  сынып оқушыларымен Садықова Ұ, Жұмағалиева Ж, 6 «В» сынып оқушыларымен Бектемисова М  ауылдың шетіндегі тауға шығып сырғанақ теуіп қайтты. 


4 «Б» сынып оқушыларымен Б. Иманкулова оқушы интернетке тәуелді ме анықтау мақсатында сауалнама алып, оң нәтиже көрсетті. Ата-аналары шектеу қоятынын айтты.   10 «А» сынып жетекшісі Қ . Еркожанова оқушылармен  «Интернетсіз бір күнім», С. Сатаева «Ғаламторсыз бір күнім» тақырыбында ашық сынып сағаттарын өткізді. 


Мектеп кітапханашылары Ж. Рамазанова мен А. Аманжолова 9 сынып оқушыларымен «Интернет – бір күндік, кітап - мәңгілік» тақырыбында  оқушылар арасында ұйымдастырылған пікірталас арқылы олардың кітап және интернет туралы ойларын, пікірлерін анықтау және интернеттің пайдасы мен зиянын сараптай отырып, кітаптың адам өміріндегі ең маңызды ақпарат екенін ұғындыру. Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өтті. 










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив