Педагог- психолог ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР
«БЕКІТЕМІН»
мектеп директоры
__________ А.Кожабергенова
«___»____________2022-2023 ж
КҮРЕҢБЕЛ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ БОЙЫНША
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ
ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Мектеп психологы М. Джексембаева
Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы, Білім министрі Б .Жұмағұлов бекіткен "орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары" 20.12.2011 жылғы №528 Конвенциясының, Алматы облысы әкімдігінің 06.02.2015 жылғы № 61 қаулысымен бекітілген, Әділет министріне 17.01.2012 жылғы № 7 380 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы, №3092 және "№ орта мектеп " КММ педагогикалық кеңесімен 21.05. 2015 жыл. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес. 2020-2023 жылдарға арналған Бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерін шешу жөніндегі жол картасы. "2022-2023 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы"нұсқаулық-әдістемелік хат негізінде.
Мектептің психологиялық қызметінің жылдық тақырыбы: Оқушылардың психофизиялогиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан-жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту.
Психологиялық қызметтің құрамына: педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, дәрігерлер, сынып жетекшілері және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметінің жұмыс істеу қағидасы туралы» Алматы обылысы әкімдігінде тіркелген 2015 жылғы №61 қаулысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сауіріндегі №169 бұйрығының негізінде
1. Жалпы ережелер
1.Осы Қағидалар Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) жұмысынреттейді.
2.Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27шілдедегі Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.
3.Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
4.Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері: Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1)білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;2)білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3)білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
7) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
8. Психодиагностикалық бағыттар:
1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау;
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
4)психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
9. Консультациялық бағыттар:
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4)тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
10. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
1)білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
2) білім алушылар бейімсіздігінің психологиялық алдын алу;
3) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау;
4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету.
11. Түзету-дамытушылық бағыттар:
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету.
12. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
13.Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
14.Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы уәкілетті орган, ал өңірлік деңгейде аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары (бөлімдерімен) үйлестіреді.
15.Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
16.Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекетеседі.
17. .Педагог-психолог өз қызметінде:
1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;
3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психологияны, психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;
4)диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;
5)белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін біледі;
6)барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтерге, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
10)білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;
11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
12)тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;
13)білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
14)зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
15)дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
16)білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
17)білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды;
18)оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысады;
19)түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;
20)жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;
21)Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығады;
22)пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысады;
20.Білім беру ұйымдарының педагог-психологының «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі немесе «Практикалық психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетінде алынған қосымша білімімен педагогикалық білімінің, «Психология» қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық білімі болу керек.
21.Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарификацияланған педагогикалық жүктеме «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Үлгілік штаттарын және педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес белгіленеді.
22.Педагог-психолог:
1)психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;
2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және сақталуын;
3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуын;
4)Психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
23.Педагог-психолог әкімшілік бағыт бойынша білім беру ұйымының басшысына, кәсіптік бағыты бойынша – аудандық (қалалық) және облыстық білім басқармаларында психологиялық қызметтің жұмысына жетекшілік ететін маманға бағынады.
3.Қорытынды ереже
23. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
1)орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
2)білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
3)психологиялық диагностикалау бағдарламаларын (бұдан әрі - психодиагностикалау), психологиялық тренингтерді, аталған білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен дамыту және түзету жұмыстарын;
4)білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін;
5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесін;
6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын; топтық психологиялық портреттерін;
7) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындысы мен ұсынымдарын;
8) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;
9)Белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды.
24. Психологиялық қызметтің есебі білім беру ұйымының есептік құжаттамасына енгізіледі.
Түсінік хат
Психологиялық қызмет көрсетудің міндеттері
- Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
- Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
- Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
- Психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
- Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру;
- Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады;
- Білім алушылармен, ата-аналармен (заңды өкілдіктермен) және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды;
- Барлық оқу кезеңінде білім алушының, тәрбиеленушінің жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың жеке істерімен танысу;
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (заңды өкілдіктер) арасында психологиялық мәдениетті қалыптастыру;
- Жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;
- Күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайдағы педагогтарға, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
- Білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
- Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныс білдіру ;
Мектептегі психолог жұмысының негізгі бағыттары және мазмұны
Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилатикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
Психодиагностикалық бағыттар:
- Білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатынды оларды психологиялық диагностикалау;
- Білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
- Білім алушылардыңқабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігі психологиялық диагностикалау;
- Психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
Консультациялық бағыт:
- Білім алушыларға , ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
- Білім алушыларға , ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары мен қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
- Күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
- Тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
- Білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
- Білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу;
- Білім алушылардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу;
- Педагогтерді аттестатауды әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу;
- Әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.
Түзету-дамытушылық бағыттар:
- Жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
- Білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру.
- Жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.
Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
- Педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б) аралас мамандарға жұмыс жүргізу.
№ | Іс-шаралар | Жұмыс түрлері | Нысаналы топ | Орындау мерзімі | Ескертулер | Есептілік нысаны | |
Психодиагностика | |||||||
1 | Бірінші сынып оқушыларын қоғамдық ортаға бейімдеу 1 кезеңі 1 сынып оқушыларының мектепке дайындығы, мектепке бейімделуі психологиялық дайындықтарын зерттеу. 1 сынып оқушыларының бейімделуі қорытынды сабақтарды күшейту | Керн-Йирасек әдістемесі , Д.Б.Элькониннің графикалық диктанты оқу мотивациясын зерттеу әдістемесі Мектеп психологінің жұмыс кітабы №1 бастауыш мектеп 2018ж 39-41 беттер 1 сынып | 1 сынып | 3-ші аптадан бастап Қыркүйек Қазан айының басына дейін 10-20 қазан аралығы | Ақпан айында қайта алу | Хаттама Анықтама | |
2 | 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау, зерттеу В.Реанның әдістемесі | Мектеп психологінің жұмыс кітабы № 1 Бастауыш мектеп Астана 2018ж 184-186 беттер | 5 сынып | 2-ші аптадан бастап Қыркүйек | Хаттама | ||
3 | 1 сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу | «Ұқсасын тауып, сыз» Е.В. Доценко «10 сөзді жаттау» А.Р. Лурия , «Ертегі айтып берші» әдістемесі Мектеп психологінің жұмыс кітабы№ 1 Бастауыш мектеп Астана 2018ж 74-75 бет | 1 сынып | Қыркүйек Қазан | Хаттама | ||
4 | Ойын жаттығулар | Танымдық әрекеттер Б.Амирова | 1-4 сыныптар | Қараша | |||
4 | Үлгерімі төмен оқушылардың тізімдерін анықтау | 2-11 сынып | Қыркүйек Қазан | ||||
5 | 1-5 сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты сабаққа қатысу . | 1,5 сынып | Қыркүйек Қазан | ||||
6 | Оқушылардың өзіндік бағалауын және мінез-құлық типтерін, қарым-қатынас деңгейлерін анықтау. 5-11 сынып оқушыларының өзіндік бағалауын және темперамент типтерін, қарым-қатынас деңгейлерін анықтау. | Темпераментті зерттеуге арналған тест Мектеп психологінің жұмыс кітабы. Рогов оқулығы 2007 ж | 1-11 сыныптар | Қыркүйек Қазан | Хаттама Мониторинг | ||
7 | Оқушылардың мектептегі мазасыздығын анықтау.Филипстің мектептегі мазасыздану тесті. | Сауалнама, тест Мектеп психологінің жұмыс кітабы 1 5-8 сынып Астана 2018ж 130-135 беттер | 5-11 сынып | Қыркүйек Қазан | Желтоқсан айында қайта алу | Хаттама | |
8 | Баланың үрейленуін анықтауға арналған ата-аналарға Г.П Лаврентьева, Т.М. Титаренко сауалнамасы | Мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасында тәрбиеленуі 2014 оқу құралы 163-164 беттер | Ата-аналар | Қазан | Анықтама | ||
9 | Проективті әдістеме . «Үй –Ағаш-Адам» тұлғаның эмоциялары мотивациялық сипаттары, кейбір аспектілері, оқушының жасырынып жатқан дүниесін ашу мақсатында | Мектеп психологінің жұмыс кітабы 1 5-8 сынып Астана 2018ж 169-183 беттер | 1-4 сынып | Қараша | Анықтама | ||
10 | Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодиструктивті мінез-құлықты анықтау (қатер тобы ) және олардың себептерін анықтау мақсатында | «Мен өмірді сұйемін!» шығарма | 6-11 сынып | Қараша | Анықтама | ||
11 | Оқудағы қиындықтардың психологиялық диагностикасы . Оқушының оқу іс-әрекетінің құрамды бөліктерін бағалау (Г.В.Репкина, Е.В.Заика) Оқушының оқу іс-әрекетінің сапалық ерекшеліктерін бағалауға арналған сауалнама | “Үлгермеуші оқушылар психологиясы” оқу құралы электронды 35-38 беттер | 1-11 сынып пән мұғалімдерінен сауалнама | Қараша | Анықтама | ||
12 | Дарынды балаларды және оқуда қиындықтарға тап болған оқушыларды анықтау. «Равен матрицалары» әдістемесі. | Логикалық ойлаудың дамуын зерттеу. Көрнекі-амалдық ойлауды зерттеу «Пішіндерді қиып ал» әдістемесі т.б «Дарынды оқушылар психологиясы» оқу құралы электронды 50-59 беттер | 5-11 сынып | Желтоқсан | Анықтама | ||
13 | 9 сынып оқушыларының мамандық таңдау бағытын анықтау. Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының мамандықты саналы таңдауға дайындау. «Дифференциалды – диагностикалық сауалнама» әдістемесі Е.А. Климов | Мектеп психологінің жұмыс кітабы 9-11 сынып Астана 2018ж 102-105 беттер | 9 сынып | Желтоқсан | Анықтама | ||
14 | Жасөспірімдер арасындағы жазатайым оқиғаларға бейімділікті зерттеу. Тұлғалық сауалнама СБА | Мектеп психологінің жұмыс кітабы 9-11 сынып Астана 2018ж 70-72 беттер | 9-11 сынып | Желтоқсан | Хаттама Мониторинг | ||
15 | Жас мамандардың оқушылар мен педагогикалық ұжыммен, әкімшілкпен қарым-қатынасын анықтау (тест) РЕАН әдістемесі | Мектеп психологінің жұмыс кітабы №2 бастауыш мектеп 44-46 беттер | Жас мамандар | Қараша | Анықтама | ||
16 | Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын анықтау мақсатында И.И. Марковскаяның (ВРР) ата-аналардың балалармен өзара әрекеттесуін зерттеу сауалнамасы | Отбасылық тәрбие №1 кітап Астана 2012ж оқу құралы 273-278 беттер | Ата-аналар | Қаңтар | Хаттама | ||
17 | Педагогтың эмоционалды – еріктік аймағын диагностикалау мақсатында «Педагогтың эмпатияға қабілеттілігі» И.М. Юсупова әдістемесі | Мектеп психологінің жұмыс кітабы №2 бастауыш мектеп 44-46 беттер | Педагогтар | Қаңтар Ақпан | Анықтама | ||
18 | Интернетке тәуелділікті анықтау Балалар мен жастардың интернет-аддикциясын (тәуелділік әрекетін) анықтайтын ТЕСТ (психолог И.Коныгинаның өзгерткен нұсқасы) | Балалар мен жастардың интернетке тәуелділігін анықтайтын, онымен күресу және алдын-алу шаралары жөнінде әдіснамалық нұсқаулық НҰР-СҰЛТАН 2020 жыл 22-26 беттер | 7-11 сыныптар | Қаңтар | Хаттама Анықтама | ||
19 | Жеке өзінің ерекшеліктерін жағымды және жағымсыз мінез-құлық ерекшеліктерін және агрессия белгілерін анықтау. | «Әлемде жоқ жануар» проективті әдістеме Мектеп психологінің жұмыс кітабы №1 бастауыш мектеп 92-94 беттер | 2-7 сыныптар | Ақпан | Анықтама | ||
№ | Іс-шаралар | Жүргізу түрлері | Нысаналы топ | Орындау мерзімі | Ескертулер | Есептілік нысаны | |
Психологиялық түзету және дамыту жұмыстар | |||||||
1 | 1 сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі туралы ақпарат беру. | Жаттығулар Мектеп психологінің жұмыс кітабы №2 Бастауыш мектеп Астана 2018ж 107-109 беттер | 1 сынып ата-аналарымен | Қазан | Хаттама | ||
2 | Балалардың ойлау операцияларын , қиял және зейін ерекшеліктерін, коррекциялау мен дамыту жаттығулары | Жаттығулар Мектеп психологінің жұмыс кітабы №1 Бастауыш мектеп Астана 2018ж 123-139 беттер | 1-4 сынып | Қазан | Анықтама | ||
3 | Тұлғааралық қарым-қатынастағы проблемаларды түзету. Бесінші сынып оқушылары үшін | "Мен және менің сыныбым"," Мен достар ортасында"," Менің сыныбым керемет сынып!» Рогов оқулығы | 5 сынып | Қазан | Анықтама | ||
4 | Балаларда өзіне сенімділік және сенім сезімін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар. | Ойын-жаттығулар. «Жұлдыздықұрт», «Ырғақтарды ауыстыру», «Қояндар және пілдер», «Сиқырлы орындық», т.б Мектеп психологінің жұмыс кітабы 9-11 сынып Астана 2018ж 134-140 беттер Түрлі платформаларды пайдалану Рогов оқулығы | 9-11 сынып | Қараша | Анықтама | ||
Оқушы бойынан жоғары қобалжу, стреске төзімсіздік анықталған жағдайда түзету- дамыту сабақтарын өткізу | Мектеп психологінің жұмыс кітабы 9-11 сынып Астана 2018ж | 9-11 сынып | Айына бір рет | Қорытынды | |||
5 | «Өмірді сүйе білейік!» тренинг-жаттығу | Мектеп психологінің жұмыс кітабы Астана 2018ж 159-160 бет | 8-11 сынып | Қараша | Қорытынды | ||
6 | Оқушылардың жеке "өмір стратегиясын" қалыптастыруға көмек көрсету Жеке даму тренингтері: | "Мен және менің бейнем", "Бақытты адам", "Өзіңді өзгерту." Ұсынылған тақырыптардан таңдауы бойынша өткізіледі | 5-8 сыныптар | Желтоқсан ы | Анықтама | ||
7 | Оқушылардың жағымды өмірлік ұстанымын қалыптастыру «Өмір неткен керемет!» тренингтік ойын жаттығулары | Рогов оқулығы | 5-11 сыныптар | Желтоқсан | Анықтама | ||
8 | Сынып жетекшілерінің сұранысы және диагностика нәтижесі бойынша қолайсыз психологиялық климатты анықтау және балалар ұжымдарында тұлғааралық қарым-қатынасты түзету. | "Мен және менің бейнем" тренингі Ф. Бизақова оқулығы | 8-11 сыныптар | Желтоқсан | Анықтама | ||
9 | Емтихан кезінде стресстен қалай арылуға болады? "Стресс жағдайынан пайда болған үрейді жеңу». | Түрлі платформаларды пайдалану Мектеп психологінің жұмыс кітабы 9-11 сынып Астана 2018ж 142-145 беттер | 9-11 сыныптар | Қаңтар | Қорытынды | ||
10 | Балалар ұжымдарында ұйымшылдықты қалыптастыру. «Егер досыңа кенеттен бір жағдай болса....» немесе «Адал дос деген кім?» | Түрлі платформаларды пайдалану Мектеп психологінің жұмыс кітабы 5-8 сынып Астана 2018ж | 5-7 сыныптар | Қаңтар | Анықтама | ||
11 | Ересек жасөспірімдерде гендерлік бірегейлікті қалыптастыру. | " Ұлдар мен қыздардың екі түрлі әлемі» тақырыбына пікірталас | 10 сынып | Ақпан | Анықтама | ||
12 | Оқушылардың қорытынды аттестаттауға дайындық кезіндегі сенімділігің мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру | «Табысқа қадам» тақырыбына тренинг Мектеп психологінің жұмыс кітабы 9-11 сынып Астана 2018ж 147-151 беттер | 11 сынып | Ақпан | Анықтама | ||
13 | Отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру. Ата - аналарға арналған тренинг " Менің отбасым ең, ең...» | Обтасылық тәрбие оқулығы I- кітап. Астана 2012 | Ата-аналар | Наурыз | Хаттама | ||
14 | Жүйке-психикалық кернеулерді жеңудің алдын алу жолдарын іздестіруге ынталандыру.Жүйке-бұлшық ет релаксациясының әдістерімен таныстыру және емтихан алдындағы стрессті жеңу тәсілдерін үйрету | "Бәрі өз қолыңда!" психологиялық тренинг Ф. Бизақова оқулығы | 11 сынып | Сәуір Мамыр | Анықтама | ||
Профилактика және психологиялық ағарту | |||||||
1 | Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықты, зорлық-зомбылық т.б алдын алу бойынша оқушылардың күнделіктеріне сенім телефонын орналастыру, сенім жәшігі туралы ақпарат беру, міндет мақсатымен таныстыру. | Барлық сыныптарға | Қыркүйек | Анықтама | |||
2 | «Құқық бұзушылықтың алдын-алу және есірткінің зияндығы және оның интернет желілері арқылы таралуы» тақырыбында аудандық прокуратура, полиция қызметкерлері және аудандық аурухана дәрігерлерімен онлайн-кездесу | Семинар кеңес | 7-11 сыныптар | І-ші жарты жылдықта | Анықтама | ||
3 | Ата-аналар жиналысына қатысу. Баяндамалар , кеңестер, жаднамалар дайындау. | Ата-аналар жиналысы Түрлі платформалар арқылы | Ата -аналар | Жыл бойы | Хаттама Кеңес беру журналы | ||
4 | Педагогтармен психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстары. "Бірінші сынып, бесінші оқушыларының табысты бейімделуіне жағдай жасау" туралы жаднама, кеңестер. | Түрлі платформалар арқылы | 1 –5 сынып педагогтарымен | Қыркүйек Қазан | Анықтама | ||
5 | Педагогтармен психологиялық-педагогикалық ағарту жұмыстары . «Жас келсе-іске!» жас мамандарға арналған жаднама | Тренинг жаттығу | Жас мамандармен | Қараша | Анықтама | ||
6 | Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың баланың психоэмоционалды дамуына әсері. Ата-аналарға және педагогтарға түсіндірме жұмысы | Педагогтар және ата-аналарға | Желтоқсан | Хаттама | |||
7 | Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу. | 7-11 сыныптар | Желтоқсан | ІІ-жарты жылдықта қайта алу | Анықтама КПК | ||
8 | Жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасындағы қақтығыстардың алдын алу. | "Қарым-қатынасты құруға үйренеміз" тақырыбында әңгімелесу, шағын-лекциялар" | 5-7 сыныптар | Қаңтар | Анықтама | ||
9 | Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу. Оқушыларға арналған тренинг – сабақтар "Кәмелетке толмағандар арасында денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу бағдарламалары» | 8-11 сыныптар | Ақпан | Анықтама | |||
10 | Ғаламтордағы қауіпсіз мінез-құлықтың алдын алу. Шағын дәрістер: "Қауіпсіз интернет», "Интернет ресурстарын қолдану мәдениеті"» (Акция) | 1-11 сыныптар | Наурыз | Анықтама | |||
11 | 11 сынып оқушыларының қортынды аттестатауға дайындық кезеңінде эмоционалды кернеудің алдын алу. Қорытынды аттестаттауға психологиялық дайындық тақырыбына лекция | 11 сыныптар | Сәуір | Анықтама | |||
Консультация беру | |||||||
1 | Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға мәселесіне байланысты ата-аналардың сұранысы бойынша кеңес беру | Ата-аналар | Сұраныс бойынша Жыл бойы | Кеңес беру журналына тіркеу | |||
2 | 1 сынып оқушыларының ата-аналарымен танысып, отбасындағы психологиялық жағдайларын анықтау (баланың тәрбиелеу түрлері, баланың мектепке бейімделі ерекшеліктері) | 1 сынып ата-аналарымен кездесу, кеңес беру. | Ата- аналар | Қыркүйек | Кеңес журналына тіркеу | ||
3 | Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдан-алу | 5-11 сынып ата-аналарына психологиялық кеңес беру | Ата-аналар | Қазан | Кеңес журналы | ||
4 | 5 сынып оқушыларының ата-аналарына орта буынға бейімделуіне байланысты психологиялық кеңес беру | 5 сынып оқушыларының ата-аналарына кеңеңс беру | Ата-аналар | Қазан | Кеңес журналы | ||
5 | Аутодиструктивті мінез-құлық тығырықтан шығар жол емес | Дөңгелек үстел | 8-11 сынып ата-аналарымен | Қараша Желтоқсан Қаңтар Ақпан | |||
5 | Күйзелістік жағдайды жеңуге байланысты 1-5 сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес беру | Мектеп психологінің жұмыс кітабы №2 Бастауыш мектеп Астана 2018ж 136-137 беттер | 1,5 сынып ата- аналарына | Желтоқсан | Кеңес журналы | ||
Интернеттегі шындық пен өтірікті қалай ажырату керек? Ата-аналарға кеңес жаднамасы | Кеңес жадынамасы | Ата-аналар | Қаңтар | Кеңес беру журналы | |||
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс – тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату «Балаңызға 10 жылы сөз» психологиялық кеңес жаднамасы | Кеңес беру | Ата-аналар | Наурыз | Кеңес беру журналы | |||
3 | Педагогтарға кеңестік көмек беру . "Жас өспірімдердегі аутодеструктивті мінез-құлықтың себептері мен ерекшеліктері" тақырыбына кеңес» | Мектеп психологінің жұмыс кітабы 9-11 сынып Астана 2018ж 156-159 беттер | 9-11 сыныптар | Желтоқсан | Кеңес беру журналы | ||
4 | Сұраныс бойынша психологиялық кеңес жұмыстарын жүргізу. Мәселе туындаған жағдайда психологиялық кеңес беру | Мектеп әкімшілігі Педагогтар Ата-аналар Жас мамандар Оқушылармен | Үнемі | Кеңес беру журналы | |||
5 | Оқушыларға психологиялық-педагогикалық кеңес беру. «Мамандық таңдау» кәсіби бағдар беру | Мектеп психологінің жұмыс кітабы 9-11 сынып Астана 2018ж 178-180 беттер | 9-11 сыныптар | Қаңтар | Кеңес беру журналы | ||
6 | Жас педагогтерге кеңес беру. "Шексіз қарым-қатынас тәсілдері" тақырыбында педагогтар үшін кеңес. | Жас мамандармен | Ақпан | Кеңес беру журналы | |||
7 | Педагогтарға және ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңес беру. "Үлгерімі төмен балалармен жұмыстың психологиялық ерекшеліктері" тақырыбында педагогтарға және ата-аналарға арналған кеңес | Кеңес жаднамасы Мектеп психологынің жұмыс кітабы №1 Бастауыш мектеп Астана 2018ж 225-230 беттер | Барлық буындағы педагогтар және ата-аналар | Ақпан Наурыз | Кеңес беру журналы | ||
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс | |||||||
1 | Әр түрлі қызметтердің мамандарымен өзара әрекеттесу нәтижелерін бақылау, олармен жұмыс жасау процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету | Әлеуметтік психологиялық қызметтің мүшелері: Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогпен семинар | Мектеп әкімшілігіне және сынып жетекшілерге | Жыл бойы | Хаттама анықтама | ||
2 | Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларында тәрбиеленетін, жетім, жартылай жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған оқушыларды психологиялық тұрғыдан зерттеу, бақылау | Әлеуметтік психологиялық қызметтің мүшелері: Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер | 1-11 сынып оқушылары | Жыл бойы | АКТ | ||
3 | Оқушылардың мәселелерін шешу бойынша қалалық емханамен, СӨС әлеуметтік орталығымен, мемлекеттік емес, қоғамдық ұйымдармен, КІБ қызметкерлерімен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен ынтымақтастық | Әлеуметтік психологиялық қызметтің мүшелері: Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогпен дөңгелек үстел | 5-11 сынып оқушыларымен | Әр тоқсан сайын | Хаттама анықтама | ||
Жыл бойынша психологиялық қызмет туралы талдамалық есептер | |||||||
1 | І жарты жылдық бойынша жасалған жұмыстарды сараптау | Талдаулар | Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес | І жарты жылдық | Аналитикалық есеп Пед кеңес | ||
2 | Жыл бойы жасалған жұмыстарды сараптау | Талдаулар | Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес | Оқу жылының аяғы | Аналитикалық есеп Пед кеңес | ||